Назарбаевтың екі қызы ең бай 50 адамның қатарына енді

Дариға Назарбаева мен Динара Құлыбаева Қазақстанның ең бай 50 адамының қатарына енді. Олардан бөлек, биылғы рейтингте Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев та бар


11/05/2022
11:11 29188 0

«Forbes» журналы Қазақстанның ең бай 50 адамының тізімін жариялады. Рейтингті дәстүр бойынша 5 миллиард доллармен Владимир Ким бастап тұр. Екінші орынды ерлі зайыпты Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева өзара бөлісті. Олардың әрқайсысының байлығы 3,9 миллиард долларға бағаланған. Үшінші орында Вячеслав Ким. Оның есебінде 3,2 миллиард доллар бар. 

 

Биылғы рейтингке Дариға Назарбаева (584 млн доллар) мен Нұрбол Назарбаев (160 млн доллар) енген. Қазақстанның ең бай адамдары қатарында Дариға Назарбаева 13, Нұрбол Назарбаев 41 орында. 

 

«Forbes» биылғы рейтингтің өткен жылдармен салыстырғанда біршама өзгергенін айтады. Олардың сөзінше, бұған қанды қаңтар оқиғасы мен Украинадағы соғыс әсер еткен. 

Поделиться

Нет комментариев.

11/05/2022 11:11
29188 0

Уведомление