«Назарбаев әулетінің өкілдеріне активтерін сатуға тыйым салу керек»

Сондықтан біз осы жолы жазған хатта президент Тоқаевқа «біздің ел "Жаңа Қазақстанға" өтіп болғанша Назарбаев жанұясының өкілдеріне активтерін сатуға тыйым салу керек» деп өтіндік


24/08/2022
15:11 28992 0

Мемлекеттен заңсыз шығарылған қаржыны елге қайтаруды мақсат ететін «Elge Qaitaru» қорының өкілдері Болат Әбілов пен Оразалы Ержанов баспасөз мәслихатын өткізді. Онда олар президент пен құзырлы органдарға «Кармедкомбинат», «Қазақмыс» сияқты кәсіпорындарды мемлекеттің меншігіне қайтаруды сұрап хат жолдағандарын айтты. 

 

– Қазір «Қазақмыстың» елге белгілі Владимир Ким, Эдуард Огай, Олег Новачук деген үш акционері бар. 2010 жылы Қазақстан үкіметі «Қазақмыстың» 26% акциясын сатып алған. Соны санағанда сол уақытта кәсіпорын құны 16 миллиард доллар болған... «Қазақмыс» бір ғана кәсіпорын емес, оның құрамында ондаған кәсіпорын бар. Біз биліктен осы кәсіпорындарды мемлекеттің меншігіне қайтару мәселесін қарауды сұрап отырмын, – деді Ержанов. 

 

Бұдан бөлек, Оразалы Ержанов «Jusan Bank» және «АТФ Банк» жөнінде айтты. Оның сөзінше, бюджеттен қыруар қаржы бөлінген банктер мемлекет меншігіне өтуі тиіс немесе алған ақшаны қайтаруы керек. 

 

– Қазіргі «Jusan Bank» бұрынғы «Цесна Банк» кезінде тығырыққа тірелген кезде біздің ел 636 миллион доллар берген. Екіншісі – «АТФ Банк». Ол банкты құтқару үшін елден 400 миллион доллар берілген. Бұл екі банк қосылғаннан кейін жағдайды жеңілдету үшін мемлекет тағы да 300 миллион доллар сыйлық жасаған. Жалпы айтқанда 1 миллиард 300 миллион доллар сыйлықтың арқасында бүгінде «Jusan Bank» жұмыс істеп отыр. Заң, экономика, барлық жағынан қарасақ та бұл банк 100% мемлекет меншігінде болуы керек. Осы банкты елдің меншігіне қайтару керек немесе олар 1 миллиард 300 миллион доллар қаржыны бюджетке қайтаруы тиіс, – деді Ержанов. 

 

Оразалы Ержанов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев әулетінің өкілдеріне активтерін сатуға тыйым сарап хат жазғандарын айтты. 

 

– Біз «Қазақтелекомның» жанынан құрылған «Қамқор менеджменд» компаниясы туралы жазғанбыз. Біздің өтінішіміз қаралып жатқан кезде сол компанияға қатысы бар Тимур Құлыбаев мырза «Қамқор локоматив» және «Қамқор вагон» деген екі кәсіпорынды көршілес Ресейдің олигархына сатты деген хабар келді. Сондықтан біз осы жолы жазған хатта президент Тоқаевқа «біздің ел «Жаңа Қазақстанға» өтіп болғанша Назарбаев жанұясының өкілдеріне активтерін сатуға тыйым салуды керек» деп өтіндік, – деді Ержанов. 

 

 

Шілде айының 27-і күні өткен «Elge Qaitaru» қорының баспасөз мәслихатында Болат Әбілов президент Тоқаевтан ел байлығының жартысы тиесілі 162 адамның атын атауды талап еткен. 

 

– 162 отбасының тізімін жариялаңыздар. Неге біз – Қазақстан азаматтары бұл адамдар туралы білуіміз керек? Осы мүмкіндікті пайдаланып, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан 162 отбасының тізімін жариялауын сұраймын. Бұл әр отбасы өзі иелік ететін дүние-мүліктің заңды жолмен келгенін дәлелдесін. Сонда ғана Тоқаев және оның айналасындағылар айтып жүрген Жаңа Қазақстанды құра аламыз, – деген Әбілов. 

Поделиться

Нет комментариев.

24/08/2022 15:11
28992 0

Уведомление