Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіне өмір бақи төраға болу құқығынан айырылуы мүмкін

Мәжіліс тиісті заңдарға түзету енгізді


19/01/2022
16:30 37207 0

Фото: vlast.kz

 

Мәжіліс бірнеше заңға бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіне мәңгі төраға болуы құқығынан айыратын өзгертулер енгізген. Мұны Nur Otan партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Қанат Нұров хабарлады

 

«Мемлекет басшысының парламентте сөйлеген сөзі революцияшыл болды, жұрттың иғынан ауыр жүк түскендей. Енді парламент пен үкімет Тоқаевтың барлық айтқанын тәз әрі дұрыс іске асыруы керек. Ең әуелі бірінші президентті Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіне өмір бақи төраға болу құқығынан айыру керек болды. Бүгін біз мұны орындадық. 

 

Халық қалаулысы Мәжілістің осындай тарихи шешім шығаруына атсалысты. Сенатқа “ҚР Бірінші президенті — Елбасы туралы”, “Қазақстан халқы ассамблеясы туралы” және “Қауіпсіздік кеңесі туралы” заңдарына қажет түзертулерді жібердік. ҚХА мен ҚК төрағасы лауазымы белгілі бір тұлғаға емес, ҚР президентіне тиесілі болуы керек», — дейді Нұров фейсбукте.

 

Поделиться

Нет комментариев.

19/01/2022 16:30
37207 0

Уведомление