Назарбаев 2011 жылы омыртқасына операция жасатқан

«Сол жылы-ақ кету керек еді, бірақ дайын болмадым»


22/10/2021
10:40 37757 0

Фото: timpul.md

 

21 қазанда көрсетілген «Штрихи к портрету» экс-президент туралы фильмінде Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылы омыртқасына операция жасатқанын айтты. 

 

— Мұны ешкімге айтпаған едім. Омыртқама ауыр операция жасаттым, — деді Назарбаев президенттіктен кетемін деп қашан ұйғарғанын айтқанда. 

 

Бұл ота 2011 жылы жасалған. 

 

— 2011 жылғы 8 наурызда өткен концертте орнымнан тұрып едім, аяғым бастырмай қалды. Сөйтіп, күзетші офицердің қолынан ұстап, ешкімге байқатпай залдан шығып кеттім. Кейін тексерістен өтіп, омыртқамда проблема барын анықтадым, — дейді Назарбаев. 

 

Оның айтуынша, осы ауру оның президенттіктен кетуінің бір себебі болған. 

— Сол жылы-ақ кету керек еді, бірақ дайын болмадым. Әуелі мұрагер мәселесін шешу керек болды, — дейді Назарбаев.

Поделиться

Нет комментариев.

22/10/2021 10:40
37757 0

Уведомление