Навальный тобы: «Тоқаевтың ұлы мен бұрынғы жұбайы Мәскеуде элиталық пәтерлерге ие»

Зерттеушілер пәтерлер туралы дерек Росреестрден жойылған дейді


03/12/2021
10:53 33296 0

Фото: inbusiness.kz

 

Ресей оппозиционері Алексей Навальныйдың тобы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрынғы әйелі мен ұлы Мәскеуде элиталық пәтерлерге ие дейді

 

2 желтоқсанда YouTube-та шыққан зерттеуде Тимур Тоқаевтың 200 шаршы метр, ал Надежда Тоқаеваның 170 шаршы метр пәтері бары айтылады. Екеуі де Мәскеудің қымбат аудандарында орналасқан. 

 

 

 

Навальныйдың тобы кейінгі кездері Росреестрден (Ресейдің мүлікті тіркеу базасы) ресейлік шенеуніктердің мүлкі туралы деректер жойыла бастағанын анықтады. Пәтер, үйі туралы мәлімет жасырылғандардың бәрі дерлік —  Ресей депутаттары мен ФҚҚ (ФСБ) қызметкерлері. Зерттеушілер «олай болса Тоқаевтардың мүлкі неге жасырылған» дейді. 

 

Интернетте президенттің отбасы туралы дерек өте аз. Ақорданың сайтында оның ажырасқаны, бұрынғы әйелі Ресей азаматы Надежда Давыдовна Тоқаева екені ғана белгілі


Ал Тимур Тоқаев — саяси ғылымдардың кандидаты әрі кәсіпкер. Бірнеше жыл бұрын ол ABI Petroleum Capital-дың екінші құрылтайшысы болған деген ақпарат бар. Бұл компанияның 2012 жылғы табысы 21,3 (ол кездегі 1 доллар = 150 теңге) миллион доллар болған.

Поделиться

Нет комментариев.

03/12/2021 10:53
33296 0

Уведомление