НАТО дегеніміз не?

Неге онымен Ресей «күресіп жатыр»


13/12/2022
23:02 37366 0

Ресейлік саясаткерлер мен бұқаралық ақпарат құралдары Ресей Федерациясы НАТО-мен күрес жүргізіп жатқанын, ал Украинаға соғыс ашу — ұйымның елде құрылып жатқан әскери базаларына жауап екенін айтып жатады.

 

НАТО дегеніміз не, оның мақсаттары мен принциптері қандай және Ресейге бұл ұйым неге жақпайтыны туралы біздің материалдан оқыңыз.

 

 

НАТО дегеніміз не?

Бұл халықаралық әскери-саяси ұйым. Ағылшын тілінде NATO аббревиатурасы North Atlantic Treaty Organization және Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы деп аударылады.

 

Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл әскери коалиция. Ол 1949 жылы 4 сәуірде Кеңес Одағы мен Варшава келісіміне қатысушы елдерге (1955 жылдан бастап) қарсы құрылды. 

 

1949 жылы НАТО құрамына мынадай 12 ел кірді: Бельгия, Канада, Дания, Франция, Исландия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Ұлыбритания және АҚШ. Кейінірек оларға тағы 18 ел қосылды. НАТО-да барлығы 30 мемлекет бар. Тағы үш ел — Грузия, Украина, Босния мен Герцеговина — қосылуға үміткер елдер.

 

Альянстың басты мақсаты — құрамына кіретін елдердің қауіпсіздігі мен бостандығына кепілдік беру. Ол үшін альянс әскери және саяси құралдарды пайдаланады. 

 

 

Ұжымдық қорғаныс

НАТО мүшесіндегі бір елге жасалған шабуыл барлық елге жасалған шабуылмен тең. Бұл жағдайда ұйым мемлекеттері ұжымдық қауіпсіздікті қорғауға тұруы керек. 

 

НАТО Жарғысының бесінші бабында:

 

Барлық тарап Еуропада, Солтүстік Америкада біреуіне не бірнешеуіне жасалған қарулы шабуыл олардың бәріне жасалған шабуыл болып қарастырылатындығымен келіседі, сондықтан егер мұндай қарулы шабуыл орын алса, олардың әрқайсысы жеке немесе ұжымдық құқықты жүзеге асыру тәртібімен келіседі, (...) өздері қажет деп санайтын осындай жеке немесе бірлескен іс-қимылдарды дереу жүзеге асыру арқылы шабуылға ұшыраған тарапқа не тараптарға Солтүстік Атлантикалық аймақтың қауіпсіздігін қалпына келтіру және одан әрі сақтау үшін көмек көрсетеді.

 

Бұл бапты 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-қа жасалған лаңкестік шабуылға жауап ретінде бір-ақ рет қолданған.

 

 

Қаржы

НАТО бағдарламасы қатысушы елдердің жарналары есебінен қаржыландырылады. Жылына шамамен 2,5 миллиард еуро, бұл елдердің қорғаныс шығындарының 0,3%-нан аспайды.

 

2020 жылы НАТО өз қажеттіліктеріне шамамен 1,1 триллион доллар бөлді. Ең үлкен үлес АҚШ-қа тиесілі, олар әр ел өзінің ЖІӨ-нің кем дегенде 2%-ын қорғанысқа жұмсауды талап етеді екен.

 

 

Ашық есіктер

Вашингтон келісімінің 10-бабында Солтүстік Атлантикалық аймақтың қауіпсіздігін нығайта алатын және оған үлес қоса алатын кез-келген еуропалық елдің НАТО-ға кіру мүмкіндігі бар екенін айтылған. 

 

Сонымен қатар, НАТО мүшесі болуы үшін ұмтылатын елдер арнайы мынадай талаптарға сай болуы керек — альянс қауіпсіздігіне үлес қосып, оның бенефициарлары болуы үшін белгілі бір саяси, экономикалық және әскери мақсаттарға жету. 

 

 

Әскери күш

Қатысушы елдер НАТО ұйымының күштерін құрайтын әскери техниканы ұсынады. Олар қажет болмайынша, елдердің бақылауында. Сондай-ақ, ұйымның, онша көп болмаса да, өзінің әскери техникасы бар. НАТО-ның 48 сағат ішінде өз күштерін бағыттап, дайындайтын бірнеше мың сарбаз, яғни, жедел әрекет ету күші бар.

 

 

Украина және НАТО

Ресейлік БАҚ-та Украинада НАТО әскери базаларын салғыларын келді немесе, тіпті, сала бастады деген мәлімдемелерін жиі кездестіруге болады. Тек осы себепті, одақтың әскери қаупіне байланысты Ресей 24 ақпанда Украинаға шабуыл жасады деген де ой бар.

 

НАТО сайтында ұйымның қолданыстағы базаларын көрсететін интерактивті картасы бар. Украина аумағында олар жоқ. Одақтың Ресейге ең жақын әскери нысандары Латвия мен Эстонияда орналасқан. 

 

2014 жылы Ресейдің Украинаға жасаған шабуылынан кейін НАТО елдері бұл аймақтағы үлесін күшейткені рас, содан Эстония, Латвия, Литва мен Польшада 4 жауынгерлік топ құрылды. 2022 жылдың 25 ақпанынан кейін альянс Болгария, Венгрия, Словакия және Румынияда тағы 4 жауынгерлік топ құруға келісті. Нәтижесінде, НАТО-ның шығыс қапталында 8 жауынгерлік топ бар және олардың бірде біреуі Украинада жоқ.

 

Украинада альянс базасы салынады деген жалған ақпарат 2020 жылы пайда болды. Сол кездегі Украинаның Қорғаныс министрі Андрей Загороднюктың айтуынша, Северодонецк пен Мариупольде НАТО стандарттарына сәйкес 2 жаңа әскери база салу жоспарда болған. Ол НАТО базасы туралы сөз қозғаған жоқ, тек инфрақұрылым стандарттары туралы айтты. Фейктің егжей-тегжейлі талдауын мына жерден оқуға болады.

 

Бұдан кейін Украина аумағында альянстың әскери базаларын салу туралы ешқандай мәлімдемелер болған жоқ. Бірақ Украина тәуелсіз мемлекет екенін ескерсек, ол аумағында халықаралық шарттарға сай және заңнаманы бұзбайтын кез-келген әскери база құруға толық құқығы бар.

 

30 қыркүйекте Украина президенті Владимир Зеленский елдің НАТО құрамына кіруіне өтініш бергенін мәлімдеді. 

 

Біз бір-бірімізге сенеміз, бір-бірімізге көмектесеміз және бір-бірімізді қорғаймыз. Бұл Солтүстік Атлантикалық одақ. Іс жүзінде солай. Бүгін Украина мұны ресми бекітуге өтініш береді. Біздің бүкіл қоғамдастықты қорғау маңыздылығына сәйкес келетін жылдам тәртіпті процедура бойынша өтініш береді, — деп атап өтті ол.

 

Айта кететін жәйт, НАТО құрамына кіру тез жүзеге асатын процесс емес. Альянсқа қосылғысы келетін елдерге елеулі талаптар қойылады, мысалы, олар құқықтық, экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар жүргізуі, сондай-ақ, әскери міндеттемелерді орындауы тиіс.

 

Шешімдер бәтуаластықпен қабылданады, сол үшін ендігі ұйымның барлық елдері Украинаның одаққа кіруіне келісім беруі керек.

Поделиться

Нет комментариев.

13/12/2022 23:02
37366 0

Уведомление