Мьянмада наразылық кезінде қаза тапқандардың саны 510-ға жетті

Арасында балалар бар


30/03/2021
11:55 39261 0

Фото: bbc.com

 

Мьянмада билікке наразылық кезінде қаза тапқандар саны 510-ға жетті. Мұны Мьянманың саяси тұтқындарына көмек беру қауымдастығы хабарлады

 

Ақпаннан бері елдің көптеген қаласында халық төңкеріс жасап, билікті жаулап алған әскерилерге қарсы митиңге шығып жатыр. Ал қарулы күш оларға оқ атып, наразылықты басып жаншып жатыр.  

 

27 наурызда елде ең үлкен қарсылық болып, 90-нан астам адам қаза тапты. Олардың арасында балалар бар. Бірнеше ел Мьянмаға санкция салды.

Поделиться

Нет комментариев.

30/03/2021 11:55
39261 0

Уведомление