Мусин: Келесі басшы Конституциядағы президент мерзімі туралы норманы өзгерте алмайды

Конституцияның өзінде неше рет өзгертуге болады, қашан өзгертуге болады. Мұндай нормалар жоқ. Бұл қоғам дамуына қатысты


16/09/2022
15:13 26095 0

Келесі президент Конституциядағы президент мерзімі туралы норманы өзгерте алмайды. Бұл жөнінде Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді деп хабарлайды Азаттық радиосы.

 Бүгін Конституцияға президент мерзімін жеті жылға созу және президент бір ғана мерзімге сайлана алады деген нормалар қабылданды. Бұл баптар өзгеріссіз қалады. Яғни, келесі президент те, парламент те бұл нормаларды өзгерте алмайды, – деді парламенттің бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген Қанат Мусин. 

Бірақ министр Қазақстан заңнамасында Конституцияны өзгерту-өзгертпеуге байланысты қандай да бір шектеулер жазылмағанын атап өтті.

– Конституцияның өзінде неше рет өзгертуге болады, қашан өзгертуге болады. Мұндай нормалар жоқ. Бұл қоғам дамуына қатысты, – деді министр.

16 қыркүйекте парламент Конституцияға енгізілетін бірқатар өзгерістерді, атап айтқанда, президент мерзімін жеті жылға созу, Астана атауын қайтару және конституциялық сот судьяларының өкілет мерзімін 8 жылға ұлғайтуды бір ауыздан мақұлдады. Құжат енді президентке қол қоюға жіберіледі.

 

Поделиться

Нет комментариев.

16/09/2022 15:13
26095 0

Уведомление