Мәскеуде миграция орталығы әскерге шақыратын хабарламаны қырғыз, өзбек және тәжік тілінде жариялады

Мемлекеттік дума Ресей әскерімен бір жылға келісімшарт жасаған шетел азаматтарына азаматтықты жеңілдетілген жолмен беру жөнінде заң қабылдаған


12/12/2022
10:15 24741 0

Ресей астанасы Мәскеуде миграция орталығы әскерге шақыратын хабарламаны қырғыз, өзбек және тәжік тілінде жариялаған. 

 

Ресей ішкі істер министрлігіне қарасты «Сахарово» миграция орталығына баратын қоғамдық көліктерге ілінген жарнамалар қырғыз, тәжік, өзбек тілдерінде жазылған. Хабарландыруда әскерге баратындарға Ресей азаматтығы жеңілдікпен берілетіні айтылған. 

 

Осыған ұқсас хабарлама әлеуметтік желіде желтоқсан айында пайда болған. Мәскеу қалалық көлік басқармасы жарнаманың екі айдан бері жарияланып келе жатқанын растады. Жарнама жасау туралы тапсырысты миграция орталығы берген. 

 

Биыл күзде Ресей мемлекеттік думасы Ресей әскерімен бір жылға келісімшарт жасаған шетел азаматтарына азаматтықты жеңілдетілген жолмен беру жөнінде заң қабылдаған. Бұл кезде Ресей Украинамен соғыста үлкен шығынға ұшырап, әскери құрамаларын толықтыруға адам жетпей, жастар мобилизациядан қашып жатқан болатын.

Өзбекстанның Мәскеудегі елшілігі тамыз айында Ресейде жұмыс істейтін Өзбекстан азаматтарын әскерге барудан тартынуға шақырып, шет мемлекет жерінде соғысқа қатысу - Өзбекстан заңы бойынша қылмыс саналатынынескерткен. Қыркүйекте Қырғызстан мен Тәжікстан елшілігі де осыған ұқсас мәлімдеме жасаған. Бұл кезде Мәскеу мэрі Сергей Собянин «Сахарово» орталығында мигранттарды әскерге қабылдайтын орталық құрылатынын хабарлаған еді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

12/12/2022 10:15
24741 0

Уведомление