Мәскеу соты Алексей Навальныйды бас бостандығынан айырды

Бұрын «Ив Роше» ісі бойынша оның бас бостандығы шектелген еді


03/02/2021
10:10 46783 0

Алексей Навальный. Фото: zona.media

 

2 ақпанда түнде Мәскеу Симонов соты оппозиционер Алексей Навальныйды үш жарым жылға бас бостандығынан айырды. Навальный бір жыл үй қамағында отырғандықтан түрмеде 2 жыл 8 ай отырады.

 

2014 жылы «Ив Роше» компаниясынан ақша жымқырды деп 3,5 жылға саясаткердің бас бостандығы шектелген еді. Адам құқықтары бойынша Еуропа соты бұл істің саяси астары бар деп бағалап, Ресей билігінен үкімді алып тастауын талап етті. 

 

2020 жылы күзде Навальный қатты уланып, оны Германияға емдеуге әкетті. Айыққан кейін оппозиционер биыл қаңтарда еліне оралды. Әуежайда құжат тексерісі кезінде оны полиция ұстап алып кетті.

 

Оған Қылмыс жазасын атқару федерал қызметі (ФСИН) шартты жазасын (жаза бойынша Навальный полицияға келіп белгіленіп тұруы керек) бұзды деген айып тағып, соттан оны түрмеге қамауын сұрады. 

 

Сот отырысында Навальный ауруханада ес-түссіз жатқандықтан келе алмағанын айтты. Бірақ сот мұны ескермеді. 

 

Сот шешімі шыққан кейін Ресейде халық көшеге шығып, наразылығын білдірді. Күштік құрылымдар мыңнан аса наразыны ұстап әкетті, оларға күш көрсетті. 

 

АҚШ, Германия мен Ұлыбритания Ресей билігінен Навальныйды босатуын сұрады.

Поделиться

Нет комментариев.

03/02/2021 10:10
46783 0

Уведомление