Минскте наразылықтан тікелей эфир таратқан екі журналист 2 жылға түрмеге қамалды

Сот олардың әрекетін «жаппай тәртіпсіздікке үндеу» деп бағалаған


18/02/2021
18:45 41411 0

Фото: vlast.kz

 

Минск соты польшалық «Белсат» телеарнасының екі журналисін — Дарья Чульцова мен Екатерина Бахвалованы — екі жылға бас бостандығынан айырды. Оларға қаладағы наразылықтан тікелей эфир таратқаны үшін қоғамдағы тәртіпті бұзуға үндеген деген айып тағылған. Мұны «Медуза» хабарлады

 

15 қарашада Чульцова мен Бахвалова өлтірілген наразы Роман Бондаренконың құрметіне ұйымдастырылған акцияны тікелей эфирден көрсеткен еді. 

 

Прокуратураның пікірінше, олар тікелей эфир арқылы наразыларды көшеге шығуға үгіттеген және мұнысы қоғамдық көліктердің тоқтап қалуына себеп болған. 

 

Журналистер өздеріне тағылған айыпты мойындамады. Құқық қорғаушылар оларды саяси тұтқындар тізіміне қосты. Саяси тұтқын деген кім екенін, оларға мұндай мәртебе неге берілетінін мына жерден оқыңыз.

 

Поделиться

Нет комментариев.

18/02/2021 18:45
41411 0

Уведомление