«Мереке мен митинг күні» полиция мен ұлттық ұлан күшейтілген режимде жұмыс істейді

Ішкі істер министрлігінде жағдайды бақылайтын арнайы штаб құрылмақ


23/10/2023
14:44 11599 0

 

Ел бойынша ұлттық ұлан әскері мен полиция қазанның 24, 25 және 26 күндері аралығында күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады. Бұл жөнінде ішкі істер министрлігінің өкілі Әлібек Кеңісбаев мәлімдеді. 

 

– Елдегі барлық аймақ бойынша 20 мың полиция қызметкері мен ұлттық ұлан әскерін жұмылдыру жоспарланып отыр. Жағдайды бақылау үшін ІІМ базасында арнайы штаб құрылады. Бұндай штабтар әр аймақта жұмыс істейтін болады, – деді ол. 

 

17 қазанда ІІМ 25 қазан – Республика күні елде митинг өткізуге мүмкіндік бермейтінін мәлімдеген. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха ҚДТ (ДВК)  қозғалысына ел аумағында тыйым салынғанын алға тартқан. 

 

ҚДТ қозғалысын Қазақстан билігі «экстремистік ұйым» деп танып, қызметіне ел аумағында тыйым салған. Ал 2019 жылы Еуропарламент ҚДТ-ны «бейбіт оппозициялық қозғалыс» деп атаған.

 

Оппозициялық саясаткер, қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әбілязов пен ҚДТ жақтастары қазақстандықтарды 25 қазанда митингке шығуға шақырған. 

 

Соңғы бір аптада ел бойынша саяси белсенділерді әкімшілік жазаға тарту күшейген. Олардың кейбіріне айыппұл салынса, енді бірі 15-20 тәулікке қамауға алынған. Белсенділердің өзі бұны 25 қазанға белгіленген митингпен байланыстырады. 

Поделиться

Нет комментариев.

23/10/2023 14:44
11599 0

Уведомление