Мемлекеттік дума депутаты Путинді қолдамайтын ресейліктердің «көзін жоюды» ұсынды

Оның бұлай деп айтуына сауалнама қорытындысы себеп болған


23/10/2023
11:07 11433 0

Фото: Новая газета

 

Қиыр Шығыс аумағынан мемлекеттік думаға «Единая Россия» партиясының атынан депутат болып сайланған генерал Андрей Гурулев Ресей президенті Владимир Путинге сенбейтін халықтың 20%-ның көзін жоюды ұсынды. Ол бұны «Россия-1» телеарнасының эфирінде айтқан. 

 

– Халықтың 80% президентті қолдап, соның төңірегіне топтасып отыр. Қалған 20% шірікті қоғамнан оқшаулау керек немесе көзін жою қажет, – дейді Гурулев. 

 

Оның бұл сөзді айтуына сауалнама қорытындысы себеп болған. Ресейліктер арасында жүргізілген сауалнамада халықтың 18%-ы немесе 30 миллионға жуығы Путинге сенбейтінін айтқан. 

 

Андрей Гурулев 2024 жылы өтетін президент сайлауында Владимир Путин жеңіске жетеді деп есептейді. Бірақ оның ол сайлауға қатысып-қатыспайтыны әзірге белгісіз. 

 

«Новая газета» басылымының мәліметінше, Андрей Гурулевтың «Вагнер» жалдамалы әскери компаниясымен тығыз байланысы бар. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

23/10/2023 11:07
11433 0

Уведомление