Маңғыстау облысының әкімі ауысты

Серікбай Трұмовтың орнына бұрынғы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев келді


08/09/2021
10:46 38609 0

Фото: 24.kz

 

7 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты босатып, орнына бұрынғы энергетика министрі Нұрлан Ноғаевты тағайындады. 

 

54 жастағы жаңа әкім бұрын «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ны басқарған, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының әкімі болған. 2019 жылдан биылғы 7 қыркүйекке дейін энергетика министрі болып келді. 

 

Қазақстанда облыс және республикалық маңызы бар қалалардың басшыларын президент тағайындайды, орнынан алып тастайды. Халыққа әкім не үшін керегін біздің материалдан оқыңыз. 

 

Маңғыстау облысында ондаған мекеменің жұмысшылары ереуілге шығып, жалақысын көтеруді талап етіп жатыр, қуаңшылықтан жүздеген мал қырылды. Өңір коронавирусқа қарсы вакцинациялауда ең соңғы орында тұр.

 


 

Telegram арнамызға жазылыңыз. 

 


 

Поделиться

Нет комментариев.

08/09/2021 10:46
38609 0

Уведомление