Маңғыстау облысында 150 вакцинация құжатын сатты деп күдікке ілінгендер ұсталды

Олар бір құжат үшін 30–50 мың теңге алғанын мойындаған


14/09/2021
11:01 40129 0

Фото: 24.kz

 

Маңғыстау облысында полиция коронавирусқа қарсы 150 вакцинация құжатын сатты деген сегіз адамды ұстады. Мұны InAktau хабарлайды. 

 

Тергеу дерегіне сенсек, олардың арасында медқызметкерлер мен делдалдар бар. Ұсталғандар бір құжат үшін 30–50 мың теңге алып отырғанын мойындаған. 

 

Полиция Қылмыстық кодекстің 385-бабына сай соталды тергеу бастағанын айтты. Күдіктілер төрт жылға дейін қамалуы мүмкін.   

Поделиться

Нет комментариев.

14/09/2021 11:01
40129 0

Уведомление