Маған жұмысты халық берді: Тоқаев пен халық келісімшарт жасаса, ол қандай болар еді?

Президент құқығы мен міндеті қандай


25/12/2020
14:06 12117 0

Қазақстан президентінің жалақысы мен жұмыс тәртібі туралы ақпараттың жоқтың қасы. 

 

Сондықтан біз заңнама мен Қазақстанның ащы шындығына сүйеніп Тоқаев пен халықтың келісімшартын жасап шығардық. 

 


 

Материалды жасауға көмектескен «ҚР президенті туралы» конституциялық заңына алғыс айтамыз.

 


 

Жұмыс беруші:  Қазақстан халқы не оның 70,76 %-ы. 2019 жылғы сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев осынша дауыс жинаған еді.  

 

Жұмысшы: Қазақстан азаматы Қасым-Жомарт Тоқаев. 

 

ШАРТ МӘНІ 

 

Жұмыс беруші жұмысшыға:

 

            • «Қазақстан президенті» лауазымын береді;
            • Жалақысы мен басқа міндетті төлемдерді (күзет, президент әкімшілігі үшін және тағысын-тағы) уақытында төлейді;
            • Астанада қымет пәтері мен көлік-ұшағын береді; 
            • Отбасы мүшелерін пәтер, көлік және күзетпен қамтамасыз етеді. 

 

ШАРТ МЕРЗІМІ 

 

Осы шарттың күші 2019 жылғы 10 маусымнан 2024 жылғы 10 маусымға дейін сақталады, жұмыс беруші қаласа, тағы бес жылға ұзарта алады :) Бірақ одан кейін қоштасуға тура келеді. Конституцияға сай бір адам екі мерзімнен аса президент бола алмайды.

 

Жұмыстың басталу уақыты: 2019 жылдың 12 маусымы. Осы күні президентті ұлықтау рәсімі өтіп, ол қызметіне ресми түрде кірісті.  

 

Жұмысшыға сынақ мерзімі берілмейді. Себебі оған 19 наурызда сол тұстағы президент Нұрсұлтан Назарбаев өз міндетін тапсырды. Сайлауда оған азаматтардың көбі дауыс бергендіктен, сол міндетін «дұрыс атқарған» деп есептейміз. 

 

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

 

Жұмыс тәртібі жоқ. Оны жұмысшы өзі белгілейді. 

Жылына 45 күндік демалысқа шыға алады. 

 

ЖАЛАҚЫ  

 

Еңбекақысы Қазақстан заңнамасында бекітіледі. Бірақ ешбір заңда ол туралы ақпарат жоқ. 

 

Жалақысы ай сайын бір рет келер айдың 10-ына дейін төленеді. 

 

ЖҰМЫСШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ 

 

Жұмыс беруші атынан президент: 

 

            • Парламент пен үкіметті тарқатуға; 
            • Қарулы күштерді басқаруға;
            • Мемлекеттік хатшы, Орталық сайлау комиссиясы, Есеп  комитеті мен Конституциялық кеңестің (негізі, бұл органдар президенттен тәуелсіз болуы керек) үш мүшесін тағайындауға;
            • Облыстар, Астана, Алматы мен Шымкент әкімін тағайындап, алып тастауға;
            • Референдум өткізуге;
            • Өзіне ұнамаған заңға қол қоймауға; 
            • Өз өкілетін арттыруға құқылы. 

 

 

ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ 

 

Жұмыс беруші жұмысқа «қалаған» адамын ала алады. Болды.  

 

ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ МІНДЕТІ

 

            • Президентке не басқа билік органдарына пікір, сын айтқысы келсе, әуелі солардан рұқсат алуға; 
            • Референдум өткізгісі келсе, 200 мың қол жинауға;
            • Салығын уақытында төлеуге;
            • Саяси партиясын тіркеу үшін 20 мың қол жинауға;
            • Парламент не мәслихат депутаты болу үшін партияға мүше болуға;
            • Президент мақұлдаған барлық заңға бағынуға; 
            • Президентке тіл тигізбеуге міндетті.
Поделиться

Нет комментариев.

25/12/2020 14:06
12117 0

Уведомление