Лукашенко: «Вагнер» жалдамалы жасағы Батыс пен Польшаға экскурсия жасағысы келеді

Путин мен Лукашенко Стрельна қаласында кездескен


24/07/2023
16:26 14269 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

2шілдеде Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь басшысы Александр Лукашенко Санкт-Петербург түбіндегі Стрельна қаласында кездесті. Кездесу барысында Путин Украинаның қарымта шабуылы «сәтсіздікке ұшырағанын», ал Лукашенко «Вагнер» жалдамалы жасағы Польша астанасы Варшава жорыққа баруға ынталы екенін айтты. 

 

– Бәлкім, айтудың да жөні жоқ шығар, бірақ айтамын. Бізді вагнерліктер алаңдата бастады. Олар «Батысқа барғымыз келеді, рұқсат етіңіз»дейді. «Батыста не істейсіңдер?» десем, «Варшава, Жешувке экскурсия жасағымыз келеді» дейді, – деді Лукашенко кездесу  барысында. 

 

Бұдан бөлек, Лукашенко «Украина армиясы қарымта шабуылға шыққан жоқ» десе, Путин «қарымта шабуыл болды. Бірақ ол сәтсіздікке ұшырады» деді. 

 

ЧВК «Вагнер» негізін қалаушы Евгений Пригожиннің бүлігінен кейін 23-24 маусымда әскери жеке компанияның Беларуське кететіні хабарланған. Жалдамалы әскерге үйлеріне қайтып, Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыру немесе Пригожинмен бірге Беларуське кету ұсынылған. 

14 шілдеде Беларусь қорғаныс министрлігі вагнерліктер елге келгенін мәлімдеді. «Вагнерге» жақын «Разгрузка Вагнера» Телеграм-арнасының хабарлауынша, Беларуське 10 мыңға жуық жалдамалы әскер келген немесе келуді жоспарлап отыр. 

Бұған дейін Беларусь қорғаныс министрлігі Польшамен шекараға жақын жерде «Вагнер» жасағымен бірігіп жаттығу өткізгенін хабарлаған. «Вагнер» жетекшісі Евгений Пригожин Беларусьтегі вагнерліктерді жылы қарсы алған. Оның айтуынша, жалдамалы әскер әзірге Украинадағы соғысқа қатыспайды. Ол белорус армиясынан «әлемдегі екінші армия» жасайтынын айтқан.

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

24/07/2023 16:26
14269 0

Уведомление