LRT ісі: Апелляциялық сот айыпталғандардың үкімін жойып, істі прокуратураға қайтарды

Бірақ айыпталушылар қамауда отыра береді


07/10/2021
11:00 34546 0

Фото: Астанадағы (Нұр-Сұлтандағы) бітпей қалған жеңіл рельсті транспорт желісінің құрылысы. Фото: inbusiness.kz

 

Қылмыстық сот алқасы астанадағы LRT-ға бөлінген ақшаны жымқырды дегендердің үкімін жойып, істі дұрыстап қарасын деп прокуратураға қайтарды. Мұны Vласть хабарлайды. 

 

Бірақ айыпталғандар бостандыққа шықпайды. Судья олар үкім күшіне енгеннен, яғни 18 қазаннан бастап бір ай қамауда отырады деп шешті. 

 

28 мамырда Астана (Нұр-Сұлтан) ауданаралық мамандандырылған соты LRT ісіне қатысты жеті айыпталушыны жеті жылдан он жылға дейінгі түрме жазасына кескен еді. Тағы екеуі — Астана (Нұр-Сұлтан) әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан елден қашып кетті, оларға халықаралық іздеу салынды. 

 

Тергеу дерегіне сенсек, құрылысқа бөлінген 5,8 миллиард теңге ұрланған. Алғашқы сот отырысы 2020 жылғы қазанда өтті, 28 сәуірде үкім шығуға тиіс болған, бірақ 27 сәуірде судья сот тергеуі қайта басталғанын хабарлады. 

 

Сотталғандар қыркүйекте істері апелляциялық сотта қаралсын деп аштық жариялады. 

 

Астана LRT — сол жағадан аэропорт пен теміржол вокзалына дейін адам таситын жеңіл рельсті транспорт жүйесі. Жоба үшін Қазақстан Қытайдың мемлекеттік дамыту банкінен 1,5 миллард доллар қарыз алған. Сол кезден бастап-ақ жұрт құрылысқа тым көп ақша бөлінді деп сынға алды.

 

Бұл іс — Қазақстанда кейінгі жылдары болған ең ірі жемқорлық ісі. Біз бұрын бұл туралы толығырақ жазғанбыз. Оқи отырыңыз.

Поделиться

Нет комментариев.

07/10/2021 11:00
34546 0

Уведомление