Әлеуметтік сауалнама: Алматылықтардың 32% ғана сайлауға барады

Респонденттердің жартысы бір мандатты округтердің бар екенін білмейді


07/03/2023
15:57 14038 0

Фото: Pixabay

 

Демократия институты алматылықтар арасында Мәжіліс және мәслихат сайлауына байланысты әлеуметтік сауалнама жасады. Сауалнама қорытындысы бойынша, халықтың сайлауға қатысу деңгейі – 32,8%. 

 

Сауалнамаға сәйкес, жастардың 17 ,1% ғана сайлауға баратынын айтқан. Ал 61-ден жоғары, егде жастағы адамдардың 49,2% сайлауда дауыс беретінін айтқан. 

 

Сайлауға қатысу бойынша аудандар тізімі: 

 

  • Алатау ауданы — 25,1 %
  • Алмалы ауданы — 28,2 %
  • Әуезов ауданы — 30,8 %
  • Бостандық ауданы — 31,4 %
  • Жетісу ауданы — 27,8 %
  • Медеу ауданы — 31,4 %
  • Наурызбай ауданы — 30,4 %
  • Түркісіб ауданы — 28,9 %.

 

Партиялық тізім және Мәжіліс

 

«Мәжіліс сайлауында қай партияға дауыс бересіз?» деген сауалға респонденттердің 41, 7%  нақты жауап бере алмаған. 6,5% мүлде жауап беріден бас тартқан. 

 

  • Amanat — 49,0 %
  • Respublica — 14,5 %
  • ЖСДП — 7,2 %
  • Халық партиясы — 4,8 %
  • Ауыл — 4,2 %
  • Ақ жол — 2,2 %
  • Байтақ — 1,8 %
  • Барлығына қарсымын — 16,3 %.

 

Amanat партиясын негізінен 30-45 (52,1%), 61 жастан жоғарылар жоғарылар (56%) қолдаған. 

 

Партиялық тізім және мәслихат

 

Мәслихат сайлауында дауыс беру де Мәжіліс сайлауымен бірдей. Респонденттердің 43,7 % нақты кімге дауыс беретінін айта алмаған. Ал 6,5 %

Жауап беруден бас тартқан. 

 

Өзін өзі ұсынғандар

 

Сауалнама қатысушыларының 50,1 % сайлауда бір мандатты округтер барын білмейді. 

Поделиться

Нет комментариев.

07/03/2023 15:57
14038 0

Уведомление