Лас ауадан әлемде жылына жеті миллион адам көз жұмады — БҰҰ

Коронавирус пандемиясы ауаның ластануын азайта алмады


07/09/2020
11:26 46457 0

Фото: korrespondent.net

 

Ауаның ластануынан әлемде жылына жеті миллион адам қайтыс болады. Бұны Біріккен Ұлттар Ұйымы хабарлады

 

Ұйымның сарапшылары лас ауаны «көрінбейтін өлтіруші» деп атайды. 

 

— Ауаның ластануы тыныс алу, инфекция, жүрек аурулары, инсульт, өкпе қатерлі ісігіне әкеп соғады. Балаларда астма, диабет, артық салмақ пайда болып, ақыл-есі кеми бастайды, — дейді олар. 

 

Пандемия кесірінен транспорттардың тоқтауы кейбір жерде ауаның тазаруына ықпал еткен. Мысалы, Испания астанасы Мадридте ауаның ластануы 50 %-ға кеміген. Десе де БҰҰ Еуропалық комиссияның хабарлауынша, транспорт — ауа сапасына әсер ететін жалғыз фактор емес. Мысалы, оған үйлерді жылыту мен жерді тыңайтудың ықпалы зор.

 

— Сондықтан көлік саласына қатысы жоқ ауаны ластайтын факторлармен күресу қажет, — дейді мамандар. 

 

Сонымен қатар, олардың айтуынша, лас ауа экономикаға да зарар береді екен. Еуропаның он елінде ауаның ластануынан келген шығын ұлттық жалпы ішкі өнімінің 20 %-ына тең болған.

 

Поделиться

Нет комментариев.

07/09/2020 11:26
46457 0

Уведомление