Кәсіпкер Марат Әбиев 30 тәулікке қамалды

Ол «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу» және «билік өкіліне бағындау» баптары бойынша айыпты деп танылған


28/11/2022
11:39 19443 0

Кәсіпкер Марат Әбиев 3тәулікке қамалды. Ол «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу» және «билік өкіліне бағындау» баптары бойынша айыпты деп танылған. 

 

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты кәсіпкер Марат Әбиевті 30 тәулікке соттады. Оған «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» және «полиция қызметкеріне бағынбады» деген айыптар тағылған. 

 

2қараша кешкісін Астана қаласында интернет өшірілген. Дәл осы уақытта өздерін «Болашақтың архитекторымыз» деп атайтын бір топ белсендіні полиция ұстаған. Белсенділерді кәсіпкер Марат Әбиев шеруге алып шыққан. Ол ел билігін ауыл шаруашылығын дамыту жобасын тезірек қабылдатуға назар аударту үшін митинг ұйымдастырған. Мемлекеттік техникалық қызмет интернеттің өшуін техникалық авария деп түсіндірді. Кейіннен Астана полициясы митингке 300 адам қатысқанын, ұсталғандар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсылық білдіргенін мәлімдеді. 

 

28 қарашада «Сот кабинеті» сервисінде Әбиевке қатысты ақпарат жарияланды. Онда кәсіпкердің 26-шы қараша күні кешке Қорғалжың тас жолында жақтастарымен бірге бейбіт шеруге шыққаны жөнінде, оқиға орнына барған полиция қызметкерлерін балағаттап, нәтижесінде құқық қорғау органының қызметкерлері тиісті шара қолдауға мәжбүр болғаны жөнінде айтылған.

 

 

Марат Әбиев БАҚ назарына биылғы жылдың маусым айында іліккен. Сол уақытта полиция оның «концертке келе жатқан» аймақтардағы жақтастарын Астана қаласына кіргізбей қойған. Астана әкімшілігі «Әбиев концерт өткізуге рұқсат етілмесе де, адамдарды шараға жалған желеумен шақырып жатыр» деген.

 

Поделиться

Нет комментариев.

28/11/2022 11:39
19443 0

Уведомление