Кәрім Мәсімов «аса ірі көлемде пара алды» деген күдікке ілінді


14/11/2023
14:52 12218 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов түрмеден уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Оның үстінен «аса ірі көлемде пара алу» бабы бойынша іс қозғалған. 

 

– К.Мәсімовке қатысты ҚК 218 «қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату және 366 «аса ірі мөлшерде пара алу» баптарында қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр,– Ұлттық қауіпсіздік комитетінің БАҚ құралдарына берген жауабында. 

 

Сәуірде ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімов Қаңтар оқиғасы кезінде «билікті күшпен басып алуға әрекеттенді» деген айыппен 18 жылға сотталған. Ал оның орынбасарлары Әнуар Садықұлов 16 жылға, Дәулет Ерғожин 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Поделиться

Нет комментариев.

14/11/2023 14:52
12218 0

Уведомление