ХХ ғасырдағы әйел теңдігі туралы қазақша 5 шығарма

Қазақ әйелінің хал-жағдайын суреттейтін роман, повесть, әңгімелер


07/04/2021
13:03 18698 0

XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің басты тақырыптарының бірі — әйел құқығы. Осы тақырыпта қалам ұстаған қазақ жазушыларының бес шығармасын оқуға кеңес береміз.


Жүсіпбек Аймауытов, «Ақбілек» романы 

Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ даласы, орыс офицерінің бойжеткен Ақбілекті зорлауы, қыздың анасынан айырылуы, өгей шешесінен жәбір көргені, тығылып бала тууы, бірақ қыздың тағдырға мойымай өз өмірі үшін күресуі — осының бәрі Аймауытовтың туындысында жазылған. 

Роман алғаш рет 1927 жылы «Әйел теңдігі» журналында жарық көрді. Бірақ Кеңес үкіметі оның басылып таралуына 1989 жылға дейін тыйым салып келді. 

Міржақып Дулатов, «Бақытсыз Жамал» романы 

1910 жылы қазақтың тұңғыш романы «Бақытсыз Жамал» жарық көрді. Шығарманың негізгі идеясы – әкесінің арманы үшін құрбан болған, сүйгеніне қосыла алмаған қазақ қызының қилы тағдыры. 

Еркін, сауатты өскен Жамалды әкесі Сәрсенбай байдың баласы Жұманға бергісі келеді. Қыз бұған көнбей, ғашығы Ғалимен қалаға қашпақ болады. Бірақ жігіт қайтыс болып, Жамал Жұманға үйленеді. Күйеуі одан басқа жігітпен қашқаны үшін күнде оны ұрып-соғып, жәбір көрсетеді. 

Енді Жамал қайтеді? 

Бейімбет Майлин, «Шұғаның белгісі» повесі 

Повесть Шұға мен кедей отбасынан шыққан мұғалімнің махаббатын баяндап, олардың бақытына балта шапқан әдеп-ғұрып, әлеуметтегі теңсіздікті сынға алады. 

Ғабит Мүсірепов, «Ұлпан» романы 

Қазақ әдебиетінде Ғабит Мүсіреповтің әйел-ана бейнесін алдыңғы орынға шығарып, суреттеуі ерекше орынға ие. 

Шығарма жас қыз Ұлпанның өзінен қырық жас үлкен бай Есенейге үйленіп, бір елді қалай сәтті билегінін суреттейді. Кей дерекке сәйкес, Ұлпан образы шын өмірден алынған.  

Мұхтар Әуезов, «Қорғансыздың күні» әңгімесі 

Көлемі жағынан шағын, алайда өткен ғасыр басындағы қазақ даласындағы қасірет, кедейлік пен зорлық-зомбылықты нақ көрсеткен шығармалардың бірі.  

Әңгіме ауыл болысы Ақанның кедей отбасынан шыққан, тек ана мен әжесі ғана бар 13 жасар Ғазизаны зорлағаны, қыздың мұны көтере алмай, әкесінің моласына барып, үсіп өлгенін әңгімелейді.


Иллюстрация: Лейла Тапалова

Поделиться

Нет комментариев.

07/04/2021 13:03
18698 0

Уведомление