ХАМАС шабуыл жасаған Израиль елді мекенінен 100-ден астам адамның мәйіті табылған

Ауыл шаруашылығы коммунасы толықтай жойылған


10/10/2023
11:13 9121 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Израиль еріктілері Газа секторына жақын орналасқан Беэри ауыл шаруашылығы коммунасынан ХАМАС шабуылы салдарынан қаза тапқан 100-ден аса адамның мәйітін тапқанын хабарлады. 

 

Ауыл шаруашылығы коммунасы толықтай жойылған. Беэриде шабуылға дейін мыңға жуық адам тұрған. ХАМАС елді мекенге 7 қазанда шабуыл жасап, тұрғындарды кепілге алған. Кейіннен олардың босатылғаны жөнінде ақпарат тараған. 

 

Бұған дейін Израиль әскерінің өкілдері ХАМАС содырларына қосымша күштер Газадан Беэриге дейін қазылған жерасты жолымен келуі мүмкін деген болжам айтқан.

7 қазаннан бері ХАМАС-тың Израильге шабуылы кезінде кем дегенде 900 адам қаза болып, екі жарым мыңға жуық адам жараланған. Жүздеген адам хабар-ошарсыз кетті, тағы жүзге жуық адам кепілге алынған, олар Газа секторында болуы мүмкін.

Израиль шабуылға жауап ретінде «Темір қылыш» әскери операциясын жүргізіп, Газа секторындағы нысандарға шабуыл жасап жатыр. Палестина тарапының хабарлауынша, Израиль қорғаныс күштерінің соққысынан 700-ге жуық палестиналық қаза тауып, Газадағы төрт мыңға жуық тұрғын жараланған.

Поделиться

Нет комментариев.

10/10/2023 11:13
9121 0

Уведомление