«Халық парламенті» Жанболат Мамайды ақтауды талап етті

«Жендетше жазалаудан қашан тыйыласыздар»


05/04/2023
13:35 17738 0

«Халық парламенті» тобы оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайды ақтауды талап етті. 

 

«Халық парламенті» өкілдері 5 сәуірде Алматыда баспасөз мәслихатын өткізді. Оған саяси блок мүшелері – Рысбек Сәрсенбайұлы, Мұхтар Тайжан және Батыр Адайбаев қатысты. Олар оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайға араша түсіп, толық ақтауды талап етіп, бас покурордың атына мәлімдеме жасады. 

 

– Өркениетті, демократиялық мемлекетте азаматтардың қоғамдық жұмыспен, журналистикамен шұғылдануынан өлердей қорықпайды. Жазаның бұндай түрі адамдардың саяси, сөз бостандығын шектейді. Құқығын сыйламаушылық болып табылады. «ҚДТ», «Көше партияларын» қудалауда сынақтан өткізілген бұндай жаза – Назарбаев жүйесінің жетістігі. Демократиядан кері кеткен, халықтың ашу-ызасын туғызған, жендетше жазалаудан қашан тыйыласыздар, бас прокурор мырза! «Халық парламенті» тобындағы азаматтар Жанболат Мамайды толық ақтауды, заңның үстемдік құруын, адамдардың Конституциялық құқығының толық қорғалуын талап етеміз, – деді үндеуді оқыған Рысбек Сәрсенбайұлы. 

 

4 cәуірде прокурор Еркін Байдәулетов соттан Жанболат Мамайды 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырып, 63-бапты пайдаланып, оны шартты жазаға ауыстыруды сұраған. Бұған қоса, 6 жылға қоғамдық-саяси, журналистік жұмыспен айналысуға, әлеуметтік желіде сөйлеуге, қандай да бір саяси ұйымға, дөңгелек үстелге қатысуға, сұхбат беруге тыйым салуды өтінген. 

 

Оппозициялық саясаткер, тіркелмеген Демократиялық партия жетекшісі Жанболат Мамайдың үстінен Қаңтар оқиғасы кезінде «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды», «жалған ақпарат тарату», «билік өкілін қорлау» баптары бойынша айып тағылған. 

Оның өзі және жақтастары тағылған айыппен келіспейді. Істің саяси астары бар деп есептейді. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

05/04/2023 13:35
17738 0

Уведомление