Кезектен тыс парламент сайлауы 2023 жылдың маусым айында өтеді

Мәжіліс және мәслихат сайлауы жаңа тәртіпте өтеді


28/11/2022
10:10 20547 0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қарашада «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөнінде арнайы жарлық шығарды. 

 

Жеті жылға арналған жоспардың орындалуы президент әкімшілігіне жүктелген. «Әділетті мемлекет», «Әділетті экономика» және «Әділетті қоғам» деген үш бөліктен тұратын жоспарда 132 іс-шара қамтылған. Оның екінші бөлігінде мәжіліс пен мәслихат депутатын сайлау қарастырылған.

 

Жарлық жоспарына сәйкес, 2023 жылдың маусымына белгіленген парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауы  жаңа тәртіпте өтеді. 

 

Мәжіліс сайлауы аралас партиялық-мажоритарлық жүйеде, яғни партия ұсынған тізім мен бір мандатты округтер бойынша таңдалады.

 

Жаңа өзгеріс негізінде, енді Қазақстан халық ассамблеясы мәжіліске депутаттар ұсынбайды.

 

Ақорда жоспарында 2023 жылы желтоқсанда қала, аудан әкімдерін тіке сайлау өткізуді бақылау туралы да жазылған.

Поделиться

Нет комментариев.

28/11/2022 10:10
20547 0

Уведомление