Кабул әуежайының маңында бірнеше жарылыс болды. 60 адам қаза тапты

«Ислам мемлекеті» жарылысты біз жасадық дейді


27/08/2021
12:11 40853 0

Фото: tvzvezda.kz

 

Кабул әуежайының маңында бес жарылыс болып, 60 адам қаза тапты. «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) жарылысты біз жасадық деп мәлімдеді. 

 

Бір жарылыс әуежайдың аумағына кіретін тұста, ал екіншісі «Барон» қонақүйінің жанында болған. Онда Ауғанстаннан кетуге дайындалып отырған отбасылар тұрып жатыр. 

 

Reuters әуежайдың маңында болған жарылысты жанкешті террорист жасаған деп хабарлайды. 

 

Ауғанстан билігі 150 адам зардап шегіп, 60-ы қаза тапты дейді. Олардың 12-і — АҚШ әскери қызметкері. 

 

Кейін «Ислам мемлекеті» жарылысқа себепкер болғанын мәлімдеді. 

 

26 тамызда АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия мен Жаңа Зеландия «қолда бар мәліметіне сүйеніп», әуежайда жарылыс болуы мүмкін деп дабыл қаққан еді

 

15 тамызда ел билігін тәліптер басып алғаннан кейін Ауғанстаннан кетем деген адам көбейді. Ол жақтан тек әуе арқылы шығуға болатын еді, бірақ «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) әуежайларды жауып тастады.

 

Поделиться

Нет комментариев.

27/08/2021 12:11
40853 0

Уведомление