Израиль жануар терісін сатуға тыйым салған бірінші ел болды

Мұндай тыйым тек АҚШ пен Бразилияның бір штатында бар


11/06/2021
12:42 40796 0

Фото: mylitta.ru

 

Израиль үкіметі жануар терісін сатуға тыйым салатын заң жобасына қол қойды дейді «Новая газета»

 

Заң нормасы биылғы желтоқсанда күшіне енбек. 

 

Елдің қоршаған ортаны қорғау министрі Гила Гәмлиел жануар терісін саудаға салу адамгершілікке жат, қажеті жоқ іс дейді. 

 

Израильдің жануар құқығын қорғаушылары бұл мәселені 2009 жылдан бері көтеріп келеді екен. Animals Now ұйымының хабарына сенсек, халықтың 80 %-ы жануар терісін саудалауға тыйым салу керек деп есептейді. 

 

Қазір Израильден бөлек, АҚШ пен Бразилияның бір штатында мал терісін сатуға тыйым салынған.

Поделиться

Нет комментариев.

11/06/2021 12:42
40796 0

Уведомление