Израиль-Палестина қақтығысы: Қаза тапқандар саны мыңнан асып кетті

260 мың палестиналық босып кеткен


11/10/2023
15:36 8384 0

Фото: Новая Газета Еуропа

 

Израильде қаза тапқан адам саны 1200-ге, Газада – 950-ге жетті. Бұл жөнінде Израиль мен Палестина тараптары мәлімдеді. 

 

БҰҰ мәліметінше, 260 мыңнан астам палестиналық үй-жайын тастап, босып кетуге мәжбүр болған. Израиль билігі Газа секторын электр жарығы, азық-түлік және сумен қамтамасыз етуді тоқтатқан. БҰҰ Израильдің бұл шешімін айыптаған. 

 

NBC News  мәліметінше, АҚШ Газа секторынан палестиналықтар мен америкалықтарды эвакуациялауға дәліз ашу үшін Мысырмен келіссөз жүргізіп жатыр. 

 

Израиль армиясы сәрсенбіге қараған түні Газа секторындағы 80-нен астам нысанаға шабуылдағанын хабарлады. Оның ішінде "ХАМАС пайдаланатын банк филиалдары", жерасты жолдары мен түрлі әскери нысан бар.

ХАМАС тобының баспасөз хатшысы Абу Обейда мен әскери қолбасшысы Мохаммед Дейфтің туыстарының үйі шабуылға ұшыраған. Израиль ақпарат құралдары шабуыл салдарынан Дейфтің ағасы ұлы және немересімен бірге қаза болған деп жазды.

Палестина тарабының ақпаратынша, Израильдің Газа секторына жасаған қарымта шабуылынан ондаған үй, зауыт, мешіт және дүкен бүлінген.

Сирия мен Ливан аумағынан Израильге бірнеше миномет снаряды атылған соң, Израиль армиясы оларға қарымта соққы берген.

Поделиться

Нет комментариев.

11/10/2023 15:36
8384 0

Уведомление