Изоляторда азапталып өлтірілген Анафияевтің ісі: Судья күдіктілердің барлығын кінәлі деп таныды

Полицейлердің ешқайсысы кінәсін мойындамады


07/06/2023
18:34 4577 0

 

Қанды Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы уақытша ұстау  изоляторында азаптаудан көз жұмған Жасұлан Анафияевті өлтірді деп айыпталған 7 полиция қызметкеріне сот үкімі оқылды. Сот онлайн өтті. 

 

7 маусымда Алмалы аудандық қылмыстық сотының судьясы Е. Үстелбаев сотталушылардың барлығын ҚР ҚК 146 бабы бойынша кінәлі деп танып, А.Елеубеков пен М.Шынжырбаевты – 10 жылға,  З.Ибрагимовті – 9 жылға, А.Азимбеков, Н.Торыбаев және Б.Жақыпбаевты – 8 жылға, А.Мирадиловті – 5 жылға бас бостандығынан айырып, жазаны қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеу жазасын тағайындады. 

 

Судья Е. Үстелбаев сотталушылардың барлығын полиция шенінен айырып, марқұм Жасұлан Анафияевтің туыстарына 20 миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттеді.  

 

Бұған дейін болған сот жарыссөзінде айыптаушы прокурор Ж.Амитов

А.Елеубеков, М.Шынжырбаев және А.Мирадиловке - 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын; Н.Торыбаевқа - 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын; 

А.Азимбеков, З.Ибрагимов және Б.Жақыпбаевқа - 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.

 

Сот барысында және соңғы сөзде сотталушылардың ешқайсысы кінәсін мойындамаған. Соңғы сөзде барлығы қызметтеріне адал болғанын, кінәсіз екендерін айтып, судьядан ақтау үкімін шығаруды сұраған. 

 

Марқұм Жасұлан Анафияевтің туыстары мен адвокаты судьядан істі ҚР ҚК 146-бабынан (азаптау) ҚК 99-бабына (адам өлтіру) саралауды сұраған. 

 

Жасұлан Анафияевтің артында әйелі мен алты баласы қалды. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

07/06/2023 18:34
4577 0

Уведомление