Ішкі істер министрлігі: 25 қазанда митинг өткізуге жол бермейміз

Полиция осы күні күшейтілген режимде жұмыс істейді


17/10/2023
17:21 8607 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 25 қазан – Республика күні наразылық акцияларын өткізуге мүмкіндік берілмейтінін айтты. Ол сол күні мейрам болғандықтан, ІІМ қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейтінін мәлімдеді. 

 

– 25 қазан – бұл мемлекеттік мереке және, әрине, біз оған дайындаламыз. Біз қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшеміз25 қазанға арналған үндеулерге келетін болсақ, ҚДТ (ДВК) мүшелері наразылыққа шығуға шақырып жатыр, бұл –  Қазақстан аумағында қызметі заңсыз деп танылған экстремистік ұйым. Әрине, біз ешқандай митингілер өткізуге жол бермейміз деді Игорь Лепеха.

 

Бұған дейін оппозициялық саясаткер, қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әбілязов пен ҚДТ жақтастары қазақстандықтарды 25 қазанда митингке шығуға шақырған. 

 

ҚДТ қозғалысын Қазақстан билігі «экстремистік ұйым» деп танып, қызметіне ел аумағында тыйым салған. Ал 2019 жылы Еуропарламент ҚДТ-ны «бейбіт оппозициялық қозғалыс» деп атаған.

Поделиться

Нет комментариев.

17/10/2023 17:21
8607 0

Уведомление