Ірі қалалар мен шипажайлар: қазақстандықтар жазда қайда көп сапарлады

Қазақстанда 2026 жылдың жаз айларында ақылы жолдармен 25,8 млн-нан астам көлік жүріп өткен.


14/09/2026
10:32 0

Көліктер жиі бет алатын бағыттар

 

 «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, үш жаз айында 28 ақылы жол учаскесінде 25 818 167 көлік өткені тіркелген. Орта есеппен тәулігіне бұл жолдармен 281 мыңға жуық көлік жүрген.

 

Көлік қозғалысы ең жоғары бағыт – Алматы – Қонаев жолы. Жаз бойы бұл учаскемен 4,31 млн көлік өткен. Екінші орында Шымкент – Өзбекстан шекарасы бағыты тұр. Мұнда 2,68 млн көлік тіркелген. Үшінші орында Шымкент – Тараз жолы: бұл бағытта 1,87 млн көлік жүрген.

 

Көлік ең көп қатынаған он бағыттың қатарына мыналар да кірді:

 

  • Тараз – Қайнар – 1,82 млн;
  • Астана – Теміртау – 1,49 млн;
  • Астана – Щучинск – 1,46 млн;
  • Шымкент – Қызылорда – 1,41 млн;
  • Қонаев – Талдықорған – 1,20 млн;
  • Щучинск – Көкшетау – 1,06 млн;
  • Тараз айналма жолы (Қайнар – Шымкент) – 945,7 мың.

 

Ең көп сұранысқа ие он ақылы жол учаскесінің үлесіне 18,2 млн-нан астам көлік тиесілі. Бұл жаздағы жалпы көлік қозғалысының шамамен 71%-ын құрайды.

 

Туристік және демалыс орындарына сұраныс

 

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, көлік қозғалысының қарқыны ірі қалаларды байланыстыратын бағыттарға ғана емес, туристік және демалыс орындарына апаратын жолдарға да сұраныс жоғары екенін көрсетеді.

 

Атап айтқанда, Алматы – Қонаев, Астана – Щучинск, Щучинск – Көкшетау, Қарағанды – Балқаш, Қызылорда – Арал және Үшарал – Достық бағыттарында көлік көп жүрген.

 

Компания автомобильмен сапар шегушілер санының артуын жол инфрақұрылымының дамуымен де байланыстырады. Өңірлерге қатынаудың жеңілдеуі, жол жүру уақытының қысқаруы және қауіпсіздіктің артуы ішкі туризмнің дамуына мүмкіндік береді.

Поделиться

Нет комментариев.

14/09/2026 10:32
0

Уведомление