Иранда наразылыққа қатысушылардың бірі өлім жазасына кесілді

Ирандағы соңғы қарсылықтардың құрбаны 470-ке жеткенін мәлімдеді. Оның 64-і – бала.


09/12/2022
11:27 24105 0

Иранда жаппай наразылыққа қатысқаны үшін өлім жазасына кесілген 1адамның бірі – белсенді Мохсен Шекари дарға асылды. Бұл жөнінде ВВС арнасы хабарлады. 

 

Бұған дейін Иран револициялық соты Шекаридің «құдайға қарсы қастандық жасағанын» мәлімдеп, «күштік құрылымдарға қарулы қарсылық әрекеттеріне қатысты» деп таныған. 

 

Иранда наразылық қыркүйек айында басталған. Тегеранның «әдеп полициясы» 22 жастағы студент Махса Әминиді көшеде хиджаб кию ережесін сақтамады деген айыппен ұстаған. Ол үш күннен кейін ауруханада көз жұмған. Полиция қыздың аурудан қайтыс болғанын, куәгерлер азаптаудан қаза тапқанын айтқан. 

 

Наразылық кемінде Иранның 80 қаласында болды. Демонстранттар рухани көсем, аятолла Әли Хаменейдің отставкаға кетуін де талап еткен. 

 

Норвегияда орналасқан ирандықтардың құқығын қорғау ақпарат агенттігі (Human Rights Activists News Agency – HRANA) Ирандағы соңғы қарсылықтардың құрбаны 470-ке жеткенін мәлімдеді. Оның 64-і – бала.

 

Поделиться

Нет комментариев.

09/12/2022 11:27
24105 0

Уведомление