Инга Иманбайға айыппұл салынды

Сот құқық қорғаушы, журналист Инга Иманбайға 30 АЕК айыппұл салды


04/05/2022
18:32 34789 0

Сот құқық қорғаушы, журналист Инга Иманбайға 30 АЕК айыппұл салды. Бұл жөнінде Иманбайдың өзі мәлімдеді. 

 

—Мен СИ-18 түрмесіне қорғаушы ретінде Жанболатқа кіріп, шықтым. Сағат таңғы 11 шамасында үш көлікпен келген полиция мені алып кетті. Сол уақыттан бері Алмалы аудандық полиция басқармасында ұстады. 6-7 сағат осында болдым. Жаңа ғана әкімшілік сот бітті. Маған таққан айыптары, 4 сәуірде Жанболат Мамайдың бостандығын талап еттік. Олар соны заңсыз митинг, он күн бұрын ескерту бермедіңдер дейді. Қазір Жанболаттың жақтастарының барлығын қудалап жатыр. Үш белсенді қамауда отыр. Біз мамырдың 7-і күні митирг өткізетінімізді мәлімдегенбіз. Болып жатқан қысымдардың барлығы сол митингті өткізбеу үшін болып жатыр, — дейді Иманбай.  

 

Бұған дейін Инга Иманбайдың үстінен сәуірдің 4-і күні қамаудағы жұбайы Жанболат Мамайды босатуды талап еткен наразылық акциясына қатысқаны үшін 488 баптың 6 тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалғандығы хабарланған.

 

Қазір оппозициялық саясаткер, тіркелмеген Демократиялық партия жетекшісі Жанболат Мамай «жалған ақпарат тарату», «билік өкілін балағаттау» баптары бойынша күдікті ретінде қамауда отыр. Жақтастары бұны саяси іс деп есептейді. 

Поделиться

Нет комментариев.

04/05/2022 18:32
34789 0

Уведомление