Human Rights Watch ұйымы Қазақстан билігін журналист Думан Мұхаммедкәрімді босатуға үндеді


08/02/2024
17:38 3575 0

 

Халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы журналистбелсенді Думан Мұхаммедкәрімге«экстремизм» бойынша негізсіз айып тағылып отырғанын алға тартыпҚазақстан билігін журналистке тағылғанайыптарды алып тастапөзін босатуға үндеді.

 

– Қазақстан билігі билікті сынап, бейбіт түрде жиналу құқығын жүзеге асырғысы келген тәуелсіз журналистің үнін тұншықтыруға тырысып жатыр. Қазақстан билігі Қылмыстық кодекстегі "экстремизм" түсінігін тарылтып, бұл айыптарды үкімет сыншыларына қарсы пайдалануын доғаруға тиіс, –Human Rights Watch ұйымының Орталық Азия жөніндегі жетекші зерттеушісі Мира Ритман.

 

«Не дейді» YouTube-арнасының авторы, журналист Думан Мұхаммедкәрім «тыйым салынған ұйым ісіне араласу» және «экстремизмді қаржыландыру» баптары бойынша күдікке ілінген. Оған мұндай айыптың тағылуына қуғындағы экс-банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтан алған сұхбаты түрткі болған. Мұхаммедкәрімге 9 жылға дейін түрме жазасы қаупі төніп тұр. 

Поделиться

Нет комментариев.

08/02/2024 17:38
3575 0

Уведомление