Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін белсенді Марат Жыланбаевты босатуға үндеді


09/11/2023
16:04 11029 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Human Rights Watch Қазақстан билігінің белсенді, тіркелмеген оппозициялық «Алға, Қазақстан» партиясының лидері Марат Жыланбаевты қамауы оның пікір айту, бірігу және жиналу құқығын бұзу деп мәлімдеді. 

 

60 жастағы Марат Жыланбаевтың үстінен «экстремистік ұйымды қаржыландыру» және «тыйым салынған ұйым жұмысына араласу» баптары бойынша айып тағылған. Астана соты жақында «белгісіз екі куәнің» өтінішінен кейін сотты жабық режимге ауыстырған. Human Rights Watch бұны да сынға алған. 

 

– Жылынбаев бейбіт оппозициялық ұйымның ісіне араласқаны үшін сотқа тартылмауы керек, соты жабық өтпеуге тиіс. Жыланбаевтың бар «кінәсі» – Қазақстанның авторитар үкіметіне саяси баламаны көптің көзінше бейбіт қолдауы. Ол босатылуы тиіс, – деді халықаралық Human Rights Watch ұйымының Орталық Азия жөніндегі зерттеушісі Мира Ритман.

 

Мәлімдемеде ұйым Жыланбаев жетекшілік ететін «Алға, Қазақстан» ұйымы әділет министрлігіне 1рет өтініш тапсырып, ешқайсысында партия ретінде тіркеле алмағанын да жазған. 

Поделиться

Нет комментариев.

09/11/2023 16:04
11029 0

Уведомление