Гүлмира Сатыбалды 7 жылға сотталды

Оған «адам ұрлау» бабы бойынша айып тағылған


04/05/2023
11:06 18324 0

Фото: Ulysmedia

 

Астанада Гүлмира Сатыбалдыға сот үкімі оқылды. Сот Гүлмира Сатыбалдыны қылмыстық кодекстің 389-бабының 4-бөлігі, 28-бабының 3-бөлігі, 125-бабының 2-бөлігі 1 және 8 тармағы бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

 

Бұдан бөлек, сот шешімімен президентке Гүлмира Сатыбалдыны «Құрмет» мемлекеттік наградасынан айыру туралы ұсыныс енгізіледі.

 

Бұған дейінгі мемлекеттік айыптаушы Азамат Сәрсенов Гүлмира Сатыбалдыны тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танып, мүлкін тәркілемей 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. 

 

Гүлмира Сатыбалды экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. Бірақ Гүлмира Сатыбалдының өзі сотта сөйлеген соңғы сөзінде Назарбаевтардың әулетімен ешқандай байланысы жоғын айтқан. 

Поделиться

Нет комментариев.

04/05/2023 11:06
18324 0

Уведомление