Генерал Күдебаевтың қашуына байланысты Қырғызстанда іс қозғалды

Түркия құқық қорғау органдарына да сұрау жолданған


12/04/2023
15:44 17489 0

 

Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев заң орындарынан қашып, көрші елдің аумағына заңсыз өткеннен кейін Қырғызстанда мемлекеттік шекарадан заңсыз өту туралы қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы «Азаттық» радиосы Қазақстан бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев сілтеме жасап хабарлады.

Бұған қоса, Түркияның құқық қорғау органдарына [Күдебаев туралы] сұрау жолданды деді ол.

Наурыздың аяғында қазақстандық бірқатар басылым сотта ісі қаралып жатқан Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев Қырғызстан арқылы Түркияға ұшып кеткен деген ақпарат таратқан. Ол 23 наурызда қазақ-қырғыз шекарасын кесіп өтіп, сол күні Бішкектен Стамбулға ұшып кеткен деген болжам бар.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі «Серік Күдебаев мемлекеттік шекарадағы ресми пункттер арқылы өткен жоқ, ол Алатау асып өткен болуы мүмкін» деп мәлімдеген. ҰҚК төрағасының орынбасары – шекара қызметінің төрағасы Ерлан Алдажұманов «арнайы топ генерал-майор Серік Күдебаев шекараның қай жерін кесіп өткенін анықтап жатыр» деді.

Поделиться

Нет комментариев.

12/04/2023 15:44
17489 0

Уведомление