Factcheck.kz: Билік қысымынан жабылып қалуымыз мүмкін

Елдегі бірнеше бейүкіметтік ұйымға айыппұл салынып, қызметі уақытша тоқтатылды


29/01/2021
14:44 41796 0

Фото: Factcheck.kz-тің Facebook парақшасынан 

 

Қазақстанның салық органдары елдегі бірнеше үкіметтік емес ұйымдарға айыппұл салып, қызметін уақытша тоқтатты. Factcheck.kz сайты мен оны иеленіп отырған ұйым — MediaNet халықаралық журналистика орталығы «біз де жабылып қалуымыз мүмкін» деп отыр

 

«Мемлекет қоғамдық ұйымдар жұмысын тоқтатып, елдің мыңдаған азаматын қорғалу құқығынан айырып қана қойған жоқ, қызметі шектелген ұйымдардың жүздеген жұмысшысын табыссыз да қалдырып отыр. Осыншама уақытқа қызметі тоқтаған ұйымның шектеу алынған соң қайта жұмыс істеп кетуі неғайбыл. Бірнеше ай материал шығармаған медиажобаның қайта жандануы күмәнді.

 

Солардың бірі — қызметі шектеліп, 5,5 миллион теңге айыппұл салыну қаупі төніп тұрған MediaNet халықаралық журналистика орталығы жүргізетін Орталық Азиядағы фактілерді тексеру бойынша алғашқы ресурс Factcheck.kz сайты. Factcheck.kz те мүше саналатын халықаралық фактчекерлер желісінің Нобель сыйлығына ұсынылуы қазіргі ахуалға тағы бір қырынан қарауға мүмкіндік береді», — делінген сайттың мәлімдесінде. 

 

2020 жылғы қарашада Қазақстандағы адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро, «Эхо», «Еркіндік қанаты», «Халықаралық құқықтық бастама» қорлары өздеріне салық органдары қысым көрсетіп жатқанын хабарлады. Олар мұны 10 қаңтарда өткен Мәжіліс және мәслихат сайлауға байланысты деп топшылады. 

 

Биыл салық органдары осы ұйымдарға «салық дұрыс төленбеген» деп айыппұл салып, кейбірінің қызметін үш айға тоқтатты

Поделиться

Нет комментариев.

29/01/2021 14:44
41796 0

Уведомление