Еуропарламент Лукашенконы Беларусьтің заңды президенті деп танымады

Оны нон гранта тұлға деп атап, жаңа әділ сайлау өткізуге шақырды


18/08/2020
12:25 47721 0

Фото дереккөзі: russian.rt.com

 

Еуропа Парламентінің бес негізгі саяси партиясы Александр Лукашенконы Беларусьтің заңды президенті деп танымай, онда жаңа әділ сайлау өткізуге үндеді. Бұны Deutsche Wellе хабарлады. 

 

— Біз Александр Лукашенконы Беларусьтің қайтадан сайланған президенті деп танымаймыз. Оны біз нон гранта тұлға деп білеміз. Біз Беларусь халқының тәуелсіз бақылаушылар бақылайтын жаңа және әділ сайлау өткізу талабына қосыламыз, — делінген Еуропа халық партиясы, Социалистер мен демократтардың прогрессив альянсы, «Жаңарған Еуропа»«Жасылдар» мен «Еуропалық консерваторлар мен реформистер» партияларының мәлімдемесінде. 

 

Сонымен қатар олар елдегі милицияның наразыларға көрсеткен жәбірі мен зорлық-зомбылығын сынады. Ресейге Беларусьтің ішкі істеріне араласпауға үндеді. 

 

9 тамыздан бері елде көптеген азамат жаппай митиңдерге шығып жатыр. Олар президентті сайлауды елді 26 жыл билеп келе жатқан Александр Лукашенко ұтты деген ресми қорытындымен келіспейді. Наразылар оның биліктен кетуін талап етіп жатыр. Германия мен Ұлыбритания да сайлау әділ өтпеді деп санайды. 

 

Ресми деректер бойынша, наразылық акцияларында 7 мың астам адам ұсталған. Кемінде бір наразы қаза тапты. Қамаудан шыққандар милициядан жәбір көргендерін айтып жатыр.

 

Нон гранта тұлға — мемлекеттің, қоғамның сенімінен айырылған немесе оларға ұнамайтын тұлға.

 

Поделиться

Нет комментариев.

18/08/2020 12:25
47721 0

Уведомление