«Ешкім ешқайда қашқан жоқ»: Бас прокуратура Мәсімовтің ісіне байланысты түсініктеме берді

ҰҚК бұрынғы төрағасына байланысты іс аяқталып, қазір метариалдармен танысу процесі жүріп жатыр


28/09/2022
14:38 27701 0

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің ісіне байланысты түсініктеме берді. Оның сөзінше, іс құпия болғандықтан оның жүру барысын санаулы ғана адам біледі. 

 

– Мәсімовтің ісін арнайы прокурорлар тергеп жатқан жоқ. Бұл Ұлттық қауіпсіздік қызметінің құзырында. Құпия түрде қаралады. Сондықтан іс материалдарын жариялауға рұқсат жоқ. Бұл туралы білетін тек белгілі бір адамдар ғана бар, – деді Шындалиев.

 

Шындалиевтің айтуынша, іс бойынша тергеу аяқталған. Қазір материалдармен танысу процесі жүріп жатыр. 

 

– Бұл іс бойынша барлық күдікті қамауда отыр. Ешкім ешқайда кеткен жоқ және жасырынған жоқ. Істі тергеу аяқталды, қазір материалдармен танысу басталды, – деді ол.

 

Әсет Шындалиев Мәсімовтің соты қашан болатынын айта алмады. Оның сөзінше, адвокаттардың іспен танысуына бірнеше ай уақыт кетеді. 

 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

28/09/2022 14:38
27701 0

Уведомление