Ердоған vs Қылышдароғлы: Түркияда президент сайлауының екінші туры қалай өтті?


29/05/2023
12:56 15495 0

Түркияда өткен президент сайлауының екінші турында елдің қазіргі басшысы Режеп Тайып Ердоған тағы да жеңіске жетті. Бұл жөнінде Ердоғанның өзі мәлімдеді. 

 

Бюллетеньдердің 100 пайызға жуығы саналғандағы нәтиже бойынша Ердоған халықтың 52 пайыз дауысын жинаған. Ал оның қарсыласы Кемал Қылышдароғлы 4пайыз дауыс алған. 

 

Режеп Тайып Ердоған Стамбұл қаласындағы жақтастарына: «Біз алдағы бес жылда елді басқарамыз» деп мәлімдеді. Бірақ ел астанасы Анкара мен ең үлкен магаполис Стамбұлда көпшілік халық Қылышдароғлыға дауыс берген. 

 

Түркия жоғары сайлау кеңесі президент сайлауының екінші турында «заңбұзушылықтар болмағанын» мәлімдеді. Бірақ журналистер сайлаушылар қатарында өлген адамдар болғанын және кейбір учаскелерде тәуелсіз бақылаушыларға күш көрсетілгенін жазды. 

 

Ал Кемал Қылышдароғлы Анкарада сөйлеген сөзінде: «Бұл сайлау Түркия тарихындағы ең әділетсіз сайлау» деп мәлімдеді. 

 

Түркия жоғары сайлау кеңесі Ердоғанның жеңіске жеткенін хабарлады. 

 

Президент сайлауының бірінші туры 1мамырда өткен. Ол кезде кандидаттардың ешбірі 50 пайыз дауыс жинай алмаған. Ердоған – 49,5%, Қылышдароғлы  45% дауыс алған. 

 

Режеп Тайып Ердоған 2014 жылдан бері Түркияның президенті. Сыншы сарапшылар Ердоғанның сайлауда жеңіске жетуі Түркияның толыққанды авторитарлық жолға түсуіне алып келеді деп есептейді. 

 

Режеп Тайып Ердоған 1994 – 1998 жылдары Стамбұл қаласының әкімі, 2003 – 2014 жылдары Түркияның премьер-министрі болды. Ердоған премьер-министр болып келген сәттен бастап парламенттік басқару жүйесін президенттік басқару жүйесіне ауыстыруға жұмыс істеді. 

 

2014 жылы президент болып сайланған уақытта Ердоғанның өкілеттігі заң бойынша шектеулі болды. Бірақ 2017 жылғы референдумнан кейін, премьер-министр лауазымы қысқартылып, президенттің өкілеттігі күшейтілді. Осы сәттен бастап Түркия толыққанды авторитарлы елге айналды. Президент үкімет, сайлау комиссиясы, сот, армия мен полицияны бақылауына алды. 

Поделиться

Нет комментариев.

29/05/2023 12:56
15495 0

Уведомление