Енді қазақстандықтар петиция арқылы шенеуніктердің отставкаға кетуін талап ете алмайды

Петиция туралы жаңа заңнама қабылданды


21/09/2023
13:52 14542 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Петиция туралы жаңа заңнама қабылданды. Оған сәйкес, бұдан былай қазақстандықтар петиция арқылы әкімдер мен министрлердің отставкаға кетуін талап ете алмайды. 

 

Жаңа заңнама бойынша, мемлекеттік басқару, аумақтық құрылым мен шекара, сот төрелігі, рақымшылық және ұлттық қауіпсіздікке қатысты петиция жариялауға тыйым салынған. 

 

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыровтың сөзінше, әкімдер мен министрлерді сайлауға азаматтар жанама қатысады. Сол себепті петиция жинаудың қажеттігі жоқ. 

 

– Заңға сәйкес, азаматтар бұған (шенеуніктерді тағайындауға – ред) жанама түрде әсер ете алады. Қазір ауылдық округтер мен ауыл әкімдерін сайлау жүріп жатыр. Сонымен қатар, кез келген министр қызметке бекітілген кезде парламентте мақұлданады. Оларды халық сайлауды. Сондықтан қазірдің өзінде азаматтардың жанама қатысуы бар, – деді Қадыров.  

 

Қазақстанда қала әкімдері мен министрлердің отставкаға кетуін талап еткен петициялар арагідік жарияланып тұрады. Бірақ оған шенеуніктер құлақ аспайды. Жақында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың отсавкаға кетуін талап еткен петиция жарияланып, оған елу мыңнан астам адам қол қойған. Кейіннен белсенді Аружан Дүйсебаева Досаевқа халықпен кездесуінде «сіздің отставкаға кетуіңізді талап етіп петиция жарияланды, қызметіңізден кетпейсіз бе?» деп сұрақ қойған. Оған ол «мені президент тағайындады, ол не шешсе, сол болады» деп жауап берген. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

21/09/2023 13:52
14542 0

Уведомление