Популярные тэги

Дубайға жасалған зымыран соққыларын видеоға түсірген турист түрмеге түсті

БАӘ билігі Дубайға бағытталған зымырандардың түсу сәтін видеоға түсірген Ұлыбритания азаматын ұстады, деп хабарлайды Masa media  The Telegraph басылымына сілтеме жасап.


13/03/2026
10:52 47 0

«Ұлыбритания азаматы Дубайда зымырандардың ұшу сәтін түсірген болуы мүмкін деген күдікпен ұсталды», - деп жазды басылым. 

Ұсталған адамның Лондон тұрғыны екені айтылған. Ол Біріккен Араб Әмірліктеріне турист ретінде келген және полиция оның зымырандарды түсіріп жатқанын байқап қалған болуы мүмкін.

 

Сонымен қатар газет оның түсірген видеоларын әлеуметтік желілерде жариялаған-жарияламағанын анықтай алмаған.

 

Daily Mail мәліметінше, 60 жастағы британдық азамат Біріккен Араб Әмірліктерінде киберқылмыс жасады деген айыппен ұсталған 21 шетелдіктің бірі. Ұсталу кезінде ол ешқандай заңсыз әрекет жасауды көздемегенін айтып, тіпті полиция сұраған соң телефонында сақталған видеоны өшіріп тастағанын мәлімдеген.

 

Соттың ресми дерегіне сәйкес, ер адам арандатушылық сипаттағы түрлі ақпаратты таратып, жариялап және трансляциялағаны үшін қамауға алынған. Мұндай мәліметтер жергілікті тұрғындар арасында дүрбелең тудыруы мүмкін деп бағаланған.

 

Айта кетейік, БАӘ-де қоғамдық тәртіпке қауіп төндіруі мүмкін материалдарды жариялағаны үшін 77 мың долларға дейін айыппұл салынуы немесе түрме жазасы қарастырылған.

 

Қазіргі уақытта британдық азаматқа және оның отбасына Detained in Dubai атты еріктілер тобы көмек көрсетіп жатыр.

Поделиться

Нет комментариев.

13/03/2026 10:52
47 0

Уведомление