Әділет министрлігі оппозициялық «Алға Қазақстан» партиясының құжаттарын қабылдамады

Әділет министрлігі оппозициялық «Алға Қазақстан» партиясының тіркелуге байланысты құжаттарын кері қайтарды


11/05/2022
12:42 34357 0

Саясаткер Жасарал Қуанышалин бастаған оппозициялық көзқарастағы азаматтардың «Алға Қазақстан» партиясын тіркеуге байланысты тапсырған құжаттарын Әділет министрлігі кері қайтарды. Ведомства тапсырылған құжаттардың партия құру туралы заңға сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Бірақ нақты қандай деректер сәйкес келмейтінін айтпады. 

 

«Алға Қазақстан» партиясын құру бойынша бастамашыл топ өкілдері құжаттардың қабылданбауын саяси себептермен байланыстырады. Олар бастамашыл топқа қажетті 1000 адамның орнына 1600 адамның қолын жинаған. Белсенділер Әділет министрлігін сотқа беретіндерін мәлімдеді. 

 

Президент Қасым – Жомарт Тоқаев наурызда жасаған халыққа жолдауында партияларды тіркеу талаптары жеңілдейтінін айтқан. Бұған дейін «Ел тірегі», «Демократиялық партия» бастамашыл топ өкілдері партияларын тіркете алмай жатқанын мәлімдеген. 

Поделиться

Нет комментариев.

11/05/2022 12:42
34357 0

Уведомление