Әділет министрлігі «билікке жақын» Байтақ партиясын тіркеді

Партия 1 желтоқсанда баспасөз маслихатын өткізеді


30/11/2022
15:23 22799 0

Әділет министрлігі «Байтақ» партиясын тіркеді. Бұл туралы партия жетекшісі Азаматхан Әміртай «Facebook»парақшасында хабарлады. 

 

Он жылда алғаш ресми тіркелген жаңа партия экология мәселесін шешуді мақсат тұтады. Партияның қиындықсыз тіркелуін Әміртайдың «билікке жақындығымен» байланыстыратындар бар.  

 

Партия 1 желтоқсанда баспасөз маслихатын өткізеді. Қазақстанда 2019 жылдан бері бірнеше ұйым партия ретінде тікеле алмай жүр. Өздерін оппозициялық партиямыз деп атайтын «Алға, Қазақстан», «Демократиялық партия», «Біздің таңдау» бастамашыл топ өкілдері Әділет министрлігіне бірнеше рет құжат тапсырған. Бірақ құзырлы орган олардың құжаттарын түрлі себептермен қабылдамаған.

 

Қазақстанда ресми тіркелген алты партия бар. Оның үшеуі (Ақ жол, Аманат, Қазақстан Халық пратиясы) Мәжілісте отыр. 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

30/11/2022 15:23
22799 0

Уведомление