Державинск қаласының атауы Кенесары болып өзгертілді

Кенесары Ресей империясына қарсы ең ірі көтеріліске жетекшілік еткен


21/06/2023
11:17 11922 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Ақмола облысындағы Державинск қаласының атауы Кенесары болып өзгертілді. Бұндай шешімді жиында Жарқайнақ ауданының тұрғындары қабылдаған. 

 

– Дауыс саны есептелді, бақылаушылар болды. 325 адам тіркелген, 321 бюллетень берілген. Қала атауын Кенесары деп өзгертуді 192 адам қолдаған, 125 адам қарсы дауыс берді. 4 адам қалыс қалды, – деп айтылған жиында. 

 

Кенесары хан 1837-1847 жылдары Ресей империясына қарсы ұйымдастырылған ең ірі көтеріліске жетекшілік еткен.

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

21/06/2023 11:17
11922 0

Уведомление