Депутат Ермұрат Бапи: Назарбаев інісі Самат Әбішті құтқарып қалды

«Назарбаев әлемдік дәрежедегі интриган»


26/04/2023
16:12 18733 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Кәрім Мәсімовке кінә артып, Самат Әбішті құтқарып қалды деп мәлімдеді. 

 

– Қаңтарға байланысты Кәрім Мәсімовтің бірінші орынбасары Самат Әбіш неге жауапқа тартылмады? Осы сұрақтың астында барлық жауап тұр деп ойлаймын. Қаңтардың барлық кінәратын Кәрім Мәсімов пен үш орынбасарына аударып, Самат Әбішті құтқарып қалды. Самат Әбіш Мәсімовтің бірінші орынбасары, оперативті жұмыстың барлығын сол жүргізу керек болған, – деді Бапи Азаттық радиосына. 

 

Бұдан бөлек, ол барлық кінәні Мәсімовке жауып, оны соттау әдейі жасалған деді. 

 

– Барлық кінәні Мәсімовке жауап, қалған кінәлілерді құтқарып қалу – арнайы жасалған амал. Болашақта Қаңтарға байланысты арнайы үлкен комиссия құрып, бұның анық-қанығын анықтайтын боламыз. Қаңтар мәселесі ешқашан жабылып қалмайды. Самат Әбішті қамағанды қойып, оған іздеу де жариялаған жоқ. Бұл шындықтан қашу ғана емес, бұл әділетсіздік. ҰҚК-нің лауазымды тұлғалары жауапты болса, онда ол неге қалып қалады? Ол бірінші орынбасар. Барлығын соттап жібереді де, Назарбаев өзінің інісін алып қалады. Бұл әділетті ме? Назарбаев 2019 жылы 19 наурызда Тоқаевқа келіп, мен кеттім деп, кетіп қалған адам емес. Ол әлемдік дәрежедегі интриган адам. Ол ана жерден әлде бір уағдамен кетті. Сондықтан оның әлі күнге дейін әсері бар деп ойлаймын, – деді Бапи. 

 

Қанды Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов осыдан бірнеше күн бұрын 18 жылға сотталған. Оған  «мемлекетке опасыздық жасады»«билікті күшпен басып алмақ болды»«билікті немесе лауазымдық өкілетті асыра пайдаланды» деген айып тағылған.

 

Кәрім Мәсімовпен бірге орынбасарлары – Әнуар Садықұлов 16 жылға, Дәулет Ерғожин 15 жылға, Марат Осипов 3 жылға сотталды. Үшеуіне де мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынған.

Поделиться

Нет комментариев.

26/04/2023 16:12
18733 0

Уведомление