Депутат Дархан Қыдырәлі тарих пәні оқулығын қайта жазуды ұсынды


11/01/2024
12:50 8157 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Парламент сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі тарих пәні оқулықтарын қайта жазуды ұсынды. Ол мектеп бағдарламасында қазақ хандары Жошыдан тарайтынын баса айту керектігін мәлімдеді. 

 

– Биыл аяқталатын Қазақстан тарихының көп томдығы Жошы ұлысына қатысты тың деректерді ұсынады деп үміттенеміз. Мектеп оқулықтары осы көптомдық негізінде қайта жазылғаны абзал. Онда Жошының қазақ хандарының атасы екені баса айтылуы тиіс. Сонымен қатар оқулықтарға қазақ мемлекеттілігінің бастаулары туралы да соңғы деректер енгізу керек. Мәселен тарихи Талас құрылтайы өткен, Жетісу мен Сыр арасында құрылған Моғолстан мемлекетіне 6-7 сыныпқа арналған оқулықта 1 параграф, ал 10-сыныпқа арналған оқулықта 4-5 жол ғана арналған. Ал осы Моғолстан жерінде, Шу бойында Қазақ хандығының негізі қаланғаны белгілі, – деді Қыдырәлі премьер-министр Әлихан Смаиловтың атына жолдаған депутаттық сауалында.

 

Депутат биыл Жошы ұлысына 800 жыл толатынын негізге ала отырып, Қазақстанда өтетін Көшпенділер ойыны Жошы ханды насихаттауға үлкен мүмкіндік екенін айтты. 

 

Жошы хан (1187-1227 жылдары өмір сүрген) – Шыңғыс ханның үлкен ұлы, Жошы ұлысының негізін қалаушы. Жошының кесенесі Жезқазған қаласынан 45 шақырым жердегі Кеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан. Жошының өлімі жөнінде қазақ халқында «Ақсақ құлан, Жошы хан» атты тарихи күй бар. «Ақсақ құлан»мультфильмі түсірілген.

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

11/01/2024 12:50
8157 0

Уведомление