«Демпартия» белсенділеріне айппұл салынды

Жанболат Мамайды босатуды талап еткен белсенділерге айппұл салынды


03/06/2022
11:22 33625 0

Алматының Бостандық аудандық ішкі істер басқармасы тіркелмеген «Демократиялық партия» белсенділеріне Инга Иманбай, Аружан Дүйсебаева, Нұрбол Бәйтереков, Гүлнұр Мирмамбетоваға 20 АЕК көлемінде айыппұл салды. Бұл жөнінде Инга Иманбай хабарлады. 

 

Белсенділерге «қала мен елді мекен аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу» бабы бойынша айып тағылған. 

 

Маусымның 3-і күні таңертең Әл-Фараби және Асқаров көшелерінің қиылысындағы көпірлердің бірінде «Тоқаев, Жанболат Мамайды босат!» деген жазуы бар плакат пайда болған. Полиция палакатты алып тастап, оны ілген «демпартия» белсенділерін ұстаған. 

Поделиться

Нет комментариев.

03/06/2022 11:22
33625 0

Уведомление